388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыздықова мен Теміртасова алғашқы жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті

  • 247
  • UPD: 17:29, 19.09.2019
Сыздықова мен Теміртасова алғашқы жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті

Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында әйелдер күресінен төрт салмақ бойынша жұбаныш белдесулері өтуде, деп хабарлайды Olympic.kz. 

65 келідегі Айна Теміртасова алғашқы белдесуінде Оңтүстік Корея балуанын таза жеңіп, тағы бір жұбаныш белдесуін өткізуге мүмкіндік алды. 

76 келідегі Эльмира Сыздықова италиялық қарсыласын 10:0 есебімен жеңді. 

Қола медальге таласу құқығын алу үшін екі балуанымыз тағы бір кездесуде жеңіске жетуі тиіс. 

Бұған дейін әйелдер күресінен Валентина Исламова-Бриктің ширек финалда Түркиядан келген қарсыласы Э.Демирханды жеңіп, Токио олимпиадасының лицензиясына ие болғанын хабарлағанбыз.

Хабар 24 телеарнасы