389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ӘЧ-2019: еркін күрес балуандарының еншісінде әзірге екі лицензия бар

  • 435
  • UPD: 17:29, 19.09.2019
ӘЧ-2019: еркін күрес балуандарының еншісінде әзірге екі лицензия бар ҚР ҰОК

Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатында еркін күрестен Қазақстан командасының мүшелері Нұрислам Санаев пен Дәулет Ниязбеков Токио олимпиадасының жолдамаларына иелік етті.

Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлайды. 57 келідегі ширек финалдық бәсекеде Санаев колумбиялық Оскар Урбаноны қапы қалдырды. Ол қарсыласын 10:6 есебімен ұтып, турнирдің жартылай финалына өтіп қана қоймай, 2020 жылы өтетін Олимпиада ойындарының лицензиясын да жеңіп алды. 

Сонымен қатар 65 келідегі Дәулет Ниязбеков ширек финалда моңғолиялық Тимур Очиродан 6:2 есебімен басым түсіп, еркін күрестегі екінші жолдаманы иеленді. Жартылай финалда Дәулет Ниязбеков өз салмағының үздігі, әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған үндістандық Бажранг Пуниямен белдеседі. 

Қыздарымыздың еншісіне де екі жолдама бұйырды. Алдымен Валентина Исламова-Брик Түркиядан келген қарсыласы Э.Демирханды жеңіп, Олимпиада лицензиясына ие болған. Сонан соң 76 келінің өкілі Эльмира Сыздықова да Токио ойындарына лицензия жеңіп алды.

Эльмира бірінші айналымда америкалық Аделина Грейгтен ұтылған болатын. Қарсыласы финалға жеткен жерлесіміз бүгін екі жұбаныш белдесуін өткізіп, жеңіске жетті. Сыздықова алдымен италиялық қарсыласын 10:0 есебімен ұтса, кейін Қытайлық Тайпей өкілінен 11:6 есебімен басым түсті.

Айта кетелік, #TEAMKZ қоржынында жалпы есебі 18 лицензия бар. 

Хабар 24 телеарнасы