389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде төрт сатыға төмендеді

  • 199
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде төрт сатыға төмендеді kt.kz

Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығы (FIFA) қыркүйек айындағы рейтингті жаңартты.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, рейтингте ұлттық құрамамыз төрт сатыға төмендеп, 116-орынға жайғасқан.

Қыркүйек айында Еуро-2020 турниріне іріктеу айналымында Қазақстан командасы сырт алаңда Кипрмен тең ойнаса, Ресейден бір доп айырмашылығымен ұтылған болатын. 

FIFA рейтингінде Бельгия құрамасы бірінші орында тұр. Екінші сатыға – Франция, үшінші орынға Бразилия орналасқан. 

Хабар 24 телеарнасы