389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ӘЧ-2019: жартылай финал жекпе-жектері өтеді

  • 276
  • UPD: 13:16, 20.09.2019
ӘЧ-2019: жартылай финал жекпе-жектері өтеді

Бокстан Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионаты аяқталуға жақын.

Бүгін сегіз салмақ бойынша финалистер анықталады, деп жазады Olympic.kz. 

Күндізгі сессия, 16:00 (Нұр-Сұлтан уақыты)

52 келі: Сәкен Бибосынов – Амит (Үндістан)

75 келі: Тұрсынбай Құлахмет – Эймур Марисаль

91 келі: Василий Левит – Хулио Сезар Кастиллио (Эквадор)

Кешкі сессия, 20:00

69 келі: Абылайхан Жүсіпов – Андрей Замковой (Ресей)

81 келі: Бекзат Нұрдәулетов – Хулио Сезар Ла Круз (Куба)

+91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев – Джастис Хуни (Австралия).

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының алты боксшысы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

Ал 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиев өзбекстандық Мырзахилиловқа есе жіберді. Бұдан бөлек Зәкір Сафиуллин де біріншілікті ерте аяқтады.

Хабар 24 телеарнасы