389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қанат Ислам көп балалы отбасыға баспана сыйлады

  • 570
  • UPD: 16:29, 20.09.2019

Қанат Ислам көп балалы анаға баспана сыйлады. Танымал кәсіпқой боксшы жекпе-жек кештерінен түскен табысқа осындай тарту жасауды жөн көріпті. Кілтті табыстау рәсімі тосыннан болды.

Яғни отандық промуотерлік компания өкілдері мен қайырымдылық қорының белсенділері Гүлшат Баяділованы елордадағы пәтерлердің біріне әңгімелесуге шақырып, күтпеген жерден сол үйді сыйға тартты. «Күміс алқа» иегері бұған дейін жер үйдің аядай бір бөлмесін паналап келген. Пәтерге төлейтін қаражаты болмағандықтан, зәулім коттедждің қыста отын жағып, жазда күлін төгіп, ауланы тазалап, басқа да жұмыстар істегені үшін тегін тұрған. Енді қайырымды жандардың арқасында жалғызбасты ана екі бөлмелі баспананың иесі атанды.

Баяділова Гүлшат, «Күміс алқа» иегері:

- 10 бала тудың негізі. Қазір 8-і бар, екеуі қайтыс болды. Осы 8 баланың ортасында жүріп жатырмын. Аздап тағдырдың қиындығына түсіп, бірақ, мойымай келе жатырмын. Бәріңе рахмет. Алладан қайтсын.

Қанат Ислам, кәсіпқой боксшы:

- Енді біз елдің азаматы болған үшін әр жарыс сайын осылай көмек жасаймыз. Біздің мақсатымыз осындай жандарға жәрдем жасау. Қазақта мақал бар: «Батыр болсаң жауыға пайдаң тисін, бай болсаң халқыңа пайдаң тисін» дейді.

Хабар 24 телеарнасы