389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда самбодан Қанат Байшолақовты еске алуға арналған турнир басталды

  • 217
  • UPD: 15:16, 21.09.2019
Нұр-Сұлтанда самбодан Қанат Байшолақовты еске алуға арналған турнир басталды

Елордада самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қанат Байшолақовты еске алуға арналған турнир басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарысқа өзімізден бөлек тоғыз елден келген спортшылар қатысып жатыр. Ұзын ырғасы 90 жігіт әскери және спорттық самбо бойынша өзара күш сынасады. Əрқайсы өз алдына мықты. Түрлі сайыстарда топ жарып жүргендер. Сондықтан бәсеке де жоғары. Халықаралық деңгейдегі дода кешке аяқталады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталмақ. Атап өтейік, Қанат Байшолақов самбодан қазақ елінен шыққан тұңғыш әлем чемпионы. Даңқты спортшы 2011 жылы жол апатынан қаза тапқан еді.

Сейсенбай Жанасылов, Қарағанды облысындағы спорт мектебінің директоры, жарыс төрешісі:

- Қазақстаннан шыққан, самбодан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Қанат Байшолақов атындағы халықаралық турнир. Кеңес Одағының чемпионаттарында жүлдегер, чемпион болды. Кеңес Одағының кубоктік жарыстарында бірнеше рет жүлдегер болды. Артында баласы бар, бауырлары бар осы турнирді ұйымдастырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы