389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлішер Ерғали еркін күрестен Олимпиада лицензиясын иеленді

  • 281
  • UPD: 17:48, 21.09.2019
Әлішер Ерғали еркін күрестен Олимпиада лицензиясын иеленді

Күрес түрлерінен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрес шебері Әлішер Ерғали Токио ойындарына жолдама жеңіп алды.  97 келіде белдесетін Әлішер ширек финалда моңғолиялық қарсыласын 10:0 есебімен, мерзімінен бұрын жеңді.

Осылайша жартылай финал жолдамасынан бөлек, 2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия иеленіп отыр.  Айта кетелік, бұл еркін күрес шеберлері жеңіп алған төртінші Олимпиада жолдамасы. Бұған дейін Нұрислам Санаев, Дәулет Ниязбеков және Данияр Қайсанов лицензияға иелік еткен болатын.

Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы