389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Н.Қайпанов әлем чемпионатында еркін күрестен күміс медальді қанағат тұтты

  • 258
  • UPD: 21:02, 21.09.2019
Н.Қайпанов әлем чемпионатында еркін күрестен күміс медальді қанағат тұтты

Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан балуандары кезекті медальді жеңір алды.

70 келі салмақта финалда белдескен Нұрғожа Қайпанов ресейлік қарсыласына жол берді. Қайпанов ақтық сында ресейлік Давид Баевтен ұтылып қалды. Қорытынды есеп - 2:12.  Осылайша еркін күрестен Қазақстан қоржынына үшінші медаль түсті. Бұған дейін Дәулет Ниязбеков күміс, Нұрислам Санаев қола жүлдегер атанған болатын.

Olympic.kz

Хабар 24 телеарнасы