389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грэпплингтен әлем чемпионаты: үш қазақстандық жартылай финалға шықты

  • 180
  • UPD: 12:14, 22.09.2019
Грэпплингтен әлем чемпионаты: үш қазақстандық жартылай финалға шықты

Грэпплингтен Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан әлем чемпионаты кілем иелері үшін сәтті өтіп жатыр деуге болады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қыздар арасында 53 келідегі Самал Абулова үнді қызы Приянка Приянканы жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Сондай-ақ Бекір Бариев  92 келіде румыниялық Эуген Преданы жеңсе,  Дамир Садыровтар да турнирдің жартылай финалына шықты.

Еске сала кетелік, No-Gi деп ататалын турнирде спортшылар кимоносыз күреседі.

Хабар 24 телеарнасы