389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулық мүмкіндігі шектеулі спортшылар республикалық додада топ жарды

  • 212
  • UPD: 23:26, 22.09.2019

Атырау облысының мүмкіндігі шектеулі спортшылары еліміз бойынша өткен V паралимпиадалық ойындарда 6-орынға қол жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Республикамыздың 17 аймағының спортшылары қатысқан додада атыраулықтар 22 алтын, 12 күміс, 12 қола медальды қанжығаларына байлады. Ендігі меже – келер жылы Жапонияда өтетін паралимпиада ойындарына арналған жолдамаларға қол жеткізу.

Мүмкіндігі шектеулі споршылардың әрқайсысының тағдыры әрқилы. 19 жастағы Ерлан Қазиев көлік апатына түсіп, 7 адамның арасында жалғыз өзі тірі қалған жан. Бел омыртқасы сынып жүруден қалғанымен, қиындыққа мойыған жоқ. Соңғы үш жылдан бері спортпен айналысады. Бір ғана үстел теннисшілері жеңіп алған 6 алтын, 1 күміс медаль осындай намысқой, жігерлі жігіттердің арқасында келді. Оларға жаттықтырушылар да, бүкіл ағайын туыстарда қолдау көрсетеді.

Ерлан Қазиев, Паралимпиададан республика чемпионы, теннисші:

- Маған ағам саған сенемін, сен жеңіп келесің, сенің қолыңнан келеді деп айтады. Әкем бар, әжем бар, апам бар барлықтары маған қолдау көрсетеді жарыс кезінде. Жарыстан жеңіліп келген кезде де олар маған әрқашан жақсы көңіл-күй сыйлап, маған мотивация беріп, әрдайым қолдауда.

Облыстағы мүгедектер спорт клубы 10 жыл бұрын құрылған. Қазіргі таңда кәсіби түрде спортпен шұғылданатын 500-ден астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Осы жылдың өзінде жергілікті параспортшылар 112 медальға ие болған. Оның 43-і алтын медаль.

Аманбай Қыздарбаев, облыстық мүгедектер спорт клубының директоры:

- Дзюдо бөлімі командалық есепте 1-орын алды, сосын үстел теннисшілеріміз командалық есепте 1-орын, отырып ойнау волейболынан командалық есепте 1-орынды жеңіп алып, өздерінің мықты екендерін дәлелдеді. Сосын суда жүзуден біздің спортшыларымыз 7 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль алып өздерінің мықтылықтарын тағы көрсетіп отыр.

Үздік спортшылардың барлығына мемлекет тарапынан сыйақы беріледі. Әлеуметтік жағынан да тұрақты қамтылған. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандар спорттық ойындардың 16 түрімен айналысады. Оларды 20 кәсіби жаттықтырушы баптайды. Тәлімгерлердің айтуынша, Жапонияда өтетін праолимпиада ойындарына таэквондо, дзюдо, теннис, волейбол мен суда жүзушілер жолдама алады деген зор үміт бар.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазы, Амантай Мәтенов

Хабар 24 телеарнасы