389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеудегі ірі марафонға «Хабар 24» арнасының қызметкерлері де қатысты

  • 149
  • UPD: 22:08, 22.09.2019
Мәскеудегі ірі марафонға «Хабар 24» арнасының қызметкерлері де қатысты

Ресей астанасында елдегі ең ірі марафон өтті. Оған әлемнің 85 елінен 30 мың адам қатысты.

Жарыс бірнеше санатқа бөлініп өткізілді. Классикалық марафонға, яғни 42 шақырымдық жарыс жолына 16 мың адам шықты. Қалған спортшылар 10 шақырымда бағын сынады. Ауқымды шара қайырымдылық мақсатында ұйымдастырылған. Одан түскен қаржы науқас балаларды қолдауға жұмсалады. Шараға «Хабар 24» телеарнасының қызметкерлері де қатысты.

Сергей Корняков, марафонға қатысушы:

Көңіл-күй тамаша. Осы уақытқа дейін ұзақ қашықтықтың тек жартысына жүгіріп келгем. Бүгінгі жарысқа тыңғылықты дайындалдым деп ойлаймын. Жақсы нәтиже көрсететін шығармын.

Хабар 24 телеарнасы