389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теннис: Елена Рыбакина Ухань турнирін сәтті бастады

  • 204
  • UPD: 23:10, 22.09.2019
Теннис: Елена Рыбакина Ухань турнирін сәтті бастады sport.ru

Қазақстандық Елена Рыбакина Қытайдағы Ухань турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің 49-ракеткасы Е.Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 108-орында тұрған қытайлық Чжу Линьмен кездесті. Бірінші партияда қазақстандық теннисші 7:5 есебімен басымдық танытса, екіншісінде корт иесі есе қайырды - 6:2. Есесіне үшінші сетте Рыбакина бет қаратқан жоқ - 6:0. Бәсеке 1 сағат 50 минутқа созылды.

Е.Рыбакина екінші айналымда әлемнің 21-ракеткасы, хорватиялық Донна Векич немесе кезінде рейтингте көш бастаған, қазір 43-сатыда тұрған Беларусь елінің өкілі Виктория Азаренконың біреуімен шеберлік байқасады.

Хабар 24 телеарнасы