389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бокстан әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы үшінші орынмен аяқтады

  • 483
  • UPD: 07:46, 23.09.2019
Бокстан әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы үшінші орынмен аяқтады

Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан 20-әлем чемпионаты мәресіне жетті.

Қазақстан командасы жалпы есебі алты медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақ боксшыларының еншісінде бір алтын, бір күміс және төрт қола медаль бар.  81 келідегі Бекзат Нұрдәулетов алтын медаль иеленсе, аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев күміс жүлдеге қол жеткізді. Төрт қола жүлдені Сәкен Бибосынов (52 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Тұрсынбай Құлахмет (75 келі) және Василий Левит (91 келі) еншіледі.  Қазақстан сапынан 57 келідегі Қайрат Ерәлиев пен 63 келідегі Зәкір Сафиуллин ғана жүлдесі қалды. Жалпыкомандалық есепте біздің құрама үшінші орынды иеленді. Бірінші орынға үш алтын, бір күміс және бір қола жеңіп алған Өзбекстан құрамасы орналасты. Екінші орынды үш алтын, бір қола жүлдесі бар Ресей жеңіп алды. Төртінші орында бір алтын, бір күміс және бір қола иеленген Куба командасы.

Хабар 24 телеарнасы