389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы-Түркістан: мүмкіндігі шектеулі жандар 900 шақырым жерді велосипедпен жүріп өтеді

  • 200
Алматы-Түркістан: мүмкіндігі шектеулі жандар 900 шақырым жерді велосипедпен жүріп өтеді

Көру мүмкіндігі төмен азаматтардан құралған Алматы-Түркістан веломарафоны басталды.

Бұл ауқымды жобаға қатысушылар Ұлы жібек жолы бойындағы киелі жерлерге тағзым етіп, ескі қалалардың тарихына қанығады. 10 күн бойы тәжірибелі параолимпиадашылар мен спортқа жаңадан бет бұрған азаматта  900 шақырым арақашықтықты велосипедпен жүріп өтеді. Оларға құрамында дәрігерлер мен аспаздары бар 9 ерікті жол бойы қолдау көрсетеді. Жобаның мақсаты – жастар арасында спортты насихаттау.

Айта кетейік, бұл «Шексіз спорт» бастамасы аясында өтіп отырған төртінші велотур. Өткен жылы мүмкіндігі шектеулі жандар Астана-Париж бағытын бағындырған болатын.

Хабар 24 телеарнасы