389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде шахматтан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир басталды

  • 555
  • UPD: 09:00, 24.09.2019
Ақтөбеде шахматтан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир басталды

Үш күнге созылатын сайысқа Азия, Еуропа, Америка және Африка елдерінен 40-қа жуық үздік ойыншы қатысуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Турнир аты аңызға айналған әйгілі шахматшы Владимир Дворковичтің кубогіне арналған. Сондай-ақ жеңімпаз жүлде қоры 16 мың АҚШ долларын иемдене алады. 17 жасқа дейінгі үміткерлер алдымен командалық жарыста, кейін топ жарғандар жеке кездеседі. Қазақстан құрамасының сапында Рамазан Жалмаханов, Қазыбек Нөгербек, Әмина Қайырбекова сынды бірқатар халықаралық сайыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері секілді ойыншылар бар.

Гүлмира дәулетова, Қазақстанның Шахмат федерациясы атқарушы директорының орынбасары:

- Жалпы біздің Қазақстан командасы өте мықты болып табылады. Алғашқы үштікке немесе төрттікке кіруге тырысамыз. Біздің балаларымыз көптеген әлем және Азия біріншіліктерінің жүлдегерлері болып табылады. Әрине, Ресеймен, Қытаймен ойнау өте қиын. Бірақ бар күшімізді саламыз.

Хабар 24 телеарнасы