389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жансая Әбдімәлік Германияның суперклубымен келісімшарт жасасты

  • 383
Жансая Әбдімәлік Германияның суперклубымен келісімшарт жасасты inform.kz

Қазақстандық шахматшы Жансая Әбдімәлік Германияның әлемге әйгілі «Баден-Баден» клубымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Шахмат федерациясына сілтеме жасап.

«Баден-Баден» әйелдер клубы классикалық шахматтан да, жылдам шахматтан да әлем чемпионы атанған ең мықты шахматшыларды қатарына қосып келеді. Элиталық клубтың құрамында: Хоу Ифань (Қытай), Анна және Мария Музычуктар (Украина), Александра Костенюк (Ресей), Антоанета Стефанова (Болгария) сияқты мықтылар бар. «Баден-Баденнің» ерлер командасы да осал емес: Фабиано Каруана, Максим Вашье-Лаграв, Вишванатан Ананд, Левон Аронян, Петр Свидлер сияқты саңлақтар да осы клубтың мүшелері.

2019/2020 жылғы маусымда Жансая командаластарымен бірге 11 тур ойнайды, содан кейін 2020 жылдың мамырында Бундеслиганың жеңімпазы анықталады. Жансая бірінші турда швед қызы Инна Агресті жеңіп, Германиядағы мансабын сәтті бастады. «Баден-Баден» командасының капитаны жас әрі мықты шахматшыны қатарына қосып алғанына қуанып отырғанын жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы