389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресей спортшылары Токио Олимпиадасынан шеттетілуі мүмкін

  • 213
  • UPD: 11:49, 24.09.2019
Ресей спортшылары Токио Олимпиадасынан шеттетілуі мүмкін bbc.com/

Қатардағы әлем чемпионатына Ресей атлеттері бейтарап спортшы ретінде қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы орыстарға өз елінің атынан қатысу құқығын қайтармады. Ресей атлеттері 2015 жылғы допинг дауынан кейін әлем чемпионатында екінші рет бейтарап тудың астында өнер көрсетеді. Жақында бүкіләлемдік допингке қарсы күрес агенттігі Мәскеу зертханасының жұмысынан күмәнді құжаттар табылғанын мәлімдеді. Егер бұл іс дәлелденсе, РУСАДА мекемесі қызметін тоқтатады.

Сонымен қатар Ресей спортшылары келер жылы Токио Олимпиадасынан да шеттетілуі мүмкін. Аталған істің мән-жайы үш аптаның ішінде белгілі болады.

 

Лионель Месси FIFA тұжырымы бойынша жылдың үздік футболшысы атанды

Аргентина құрамасы мен «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси FIFA тұжырымы бойынша жылдың үздік футболшысы атанды. Халықаралық футбол федерациясының салтанатты марапаттау рәсімі Милан қаласындағы Ла Скала театрында өтті. Месси ұлттық құрамалардың бас бапкерлері мен капитандары қатысқан сауалнамада Криштиану Роналду мен Вирджил ван Дейктен озып кетті. Аргентиналық ойыншы алтыншы мәрте жыл мықтысы атанып, бұл көрсеткіш жөнінен Роналудың алдына шықты. Месси өткен маусымда Испан премерасының 34 матчына қатысып, 36 гол соқты және 15 нәтижелі пасымен көзге түсті. «Барселона» Ла лигада топ жарды. «Ливерпуль» ойыншысы Алиссон Беккер үздік қақпашы атанса, осы клубтың бас бапкері Юрген Клопп жаттықтырушылар арасында озып шықты. Неміс маманы «Ливерпульмен» Чемпиондар лигасында жеңіске жетті. Әйелдер арасында Меган Рапино үздік ойыншы атағын иеленді.

Лионель месси, жылдың үздік футболшысы:

- Маған таңдау жасаған барлық жанға алғыс айтамын. Алайда мен үшін жеке сыйлықтар әрқашан екінші орында тұрады. Ең бастысы өз командаммен жетістікке жетуді көздеймін. Енді өз тәжірибемді балаларыммен бөлісемін. Олар әзірге атақты ойыншылармен суретке түсуге қысылады.

 

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады

Алдағы жұма күні Қатар астанасы Дохада жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталады. Жарыстың ашылу салтанаты 2022 жылғы доп додасына арнайы салынған елдің басты спорттық аренасында өтеді. Ұйымдастырушылар су жаңа кешенді осылай тексеріп алуды көздейді. Қазір Доха қаласында күндіз 40 градусқа дейін ыстықты көрсетіп тұр. Сондықтан жарыстардың басым бөлігі күн ұясына батқанда басталады. Жеңіл атлеттер сайысына Қазақстан құрамасының сегіз спортшысы қатысады. Атап айтқанда, үш қарғып секіруден олимпиада чемпионы Ольга Рыпаковадан бөлек, Ольга Сафронова, Георгий Шейко, Светлана Голендова, Элина Михина, Рима Кашафутдинова, Михаил Литвин және Иван Иванов бар.

Хабар 24 телеарнасы