Владимир Чернов ат спортынан халықаралық турнирде жүлдегер атанды
- 710
- UPD: 11:57, 24.09.2019

19-22 қыркүйек күндері Беларусь Республикасында үшсайыстан халықаралық турнир өтті.
Аталған сында Қазақстан намысын қорғаған Владимир Чернов екінші орын иеленді деп хабарлайды Olympic.kz.
Чернов «Рэббека» есімді жылқымен сынға түсіп, 4*S бағдарламасы бойынша күміс жүлдегер атанды. Бірінші орынды чехиялық Мирослав Трунда иеленсе, үшінші орынға Беларусь спортшысы Ольга Комарова қол жеткізген. Владимир Чернов аталған жетістігі арқылы 4*L квалфикиациясын орындады.
Айта кетелік, халықаралық турнирге ат спортынан Ресей, Чехия, Беларусь және Қазақстанның үздік спортшылары қатысқан.