389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ильин Таиландтағы әлем чемпионатында он үшінші орын алды

  • 498
  • UPD: 21:40, 24.09.2019
Ильин Таиландтағы әлем чемпионатында он үшінші орын алды

Ауыр атлетикадан Таиландта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Илья Ильин жарыс жолына шықты.

Танымал зілтемірші әлем біріншілігін 13-орынмен аяқтаған деп жазады Olympic.kz. 

96 келіде сынға түскен ол қоссайыста 363 келіні бағындырды (168+195). Бұл бар болғаны 13-орын үшін жеткілікті ұпай. 

Айта кетелік, биылғы Азия біріншілігінде Ильин 5-орын алған болатын.

Хабар 24 телеарнасы