389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чемпиондар лигасының финалы Ресейде өтеді

  • 210
  • UPD: 10:56, 25.09.2019
Чемпиондар лигасының финалы Ресейде өтеді RT

Петербордағы «Газпром-Арена» стадионында 2021 жылғы Чемпиондар лигасының финалы өтеді.

Бұл туралы РИА Новости хабарлап отыр. Шешім УЕФА атқару комитетінің Любляндағы жиналысы кезінде қабылданды. 2021 жылғы Чемпиондар лигасының финалын өткізуге мюнхендік «Бавария» да үміткер болған.

Еуропалық басты клубтық турнирдің финалы Ресейде екінші рет өтеді. 2008 жылы Чемпиондар лигасының шешуші матчы Мәскеудегі «Лужники» стадионында өткен. Ол кездегі «Манчестер Юнайтед» пен «Челси» арасындағы ойында манчестерліктер жеңген.

Крестов аралындағы стадионында 2017 жылғы Конфедерация кубогы мен 2018 жылғы әлем чемпионатының ойындары өткен. 50 миллиардтай рубльге 10 жылға жуық уақыт салынған стадион 2016 жылы қолданысқа берілді.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы