389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әнұранды жанды дауыста шырқаған қазақстандық спортшылардың әрекеті жұртты сүйсіндірді

  • 278
  • UPD: 16:01, 25.09.2019
Әнұранды жанды дауыста шырқаған қазақстандық спортшылардың әрекеті жұртты сүйсіндірді

Үндістанның Бенгалуру қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы су спорты сайысында әнұранның аудио жазбасы кенет үзіліп қалған.

Бірақ біздің спортшылар тосылып қалмай, оны жанды дауыста орындап шықты. Қыздарымыздың бұл әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларын тәнті етті.

Ойын алдында осылайша өз елінің нағыз патриоты екенін көрсете білген қазақстандық команда басты сыннан да сүрінбей, қарсыласы – қытайлықтарды 11:10 есебімен ұтты.

Хабар 24 телеарнасы