389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпонаты басталды

  • 223
  • UPD: 23:25, 25.09.2019
Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпонаты басталды

Жарыстың алғашқы күні 50 келі салмақта белдескен Нұрқанат Серікбаев іріктеу сындарында іркілмей финалға өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шешуші белдесуде Нұрқанат француз балуаны Рамэй Валадиер Пикардтан басым түсті. Қыздарымыз да олжалы. 40 келі салмақта белдескен Алима Жұмағалиева бразилиялық азулы қарсыласын ұтып, қола жүлдеге қол жеткізді.

Нұрқанат Серікбаев, Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы:

Әрине, қуаныштымын чемпион болғаныма. Осы жеңісімді қазақ еліне арнаймын. Енді қуанғанымды сөзбен жеткізе алмайсың ғой. Ендігі мақсатым – Олимпиада чемпионы болу алда.

Хабар 24 телеарнасы