389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сәкен Бибосынов: Еліміздің Әнұранын шырқатамын деген арманым болған

  • 233
Сәкен Бибосынов: Еліміздің Әнұранын шырқатамын деген арманым болған

Бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов Ресейдегі додаға қатысты пікір білдірді.

Olympic.kz сайтына берген сұхбаты кезінде чемпиондықттан үмітті болғанын айтады.

«Әлем чемпионтында алтын алып, еліміздің Әнұранын шырқатамын деген арманым болған. Алайда бұйырғаны – қола медаль. Бұл турнирден мен үлкен тәжірибе жинадым. Кездесулерге тоқталар болсам, ең бірінші жекпе-жек қиындау өтті. Әлем біріншілігіне алғаш рет қатысқандықтан, аздап қобалжыдым. Қарсыласым да осал емес. Ал кейін бойым үйреніп, барлығын бір деңгейде өткіздім. Жартылай финалда Азия және Азиада жеңімпазы, тәжірибелі боксшы Амит Пангалмен жұдырықтастым. Алғашқы раундта жеңгенімді білемін. Екінші, үшінші кезеңдерде басымдықты қарсыласқа беріп қойдым. Бапкердің тактикасын дұрыс орындай алмадым. Жалпы, бұл чемпионат маған жақсы әсер қалдырды. Жаттықтырушыларым көрсеткішімді жақсы бағалауда. Енді алдағы ірі жарыстарға дайындаламын», – дейді Сәкен.

Хабар 24 телеарнасы