389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада зілтемір көтеруден Гиннес рекорды орнатылады

  • 209
  • UPD: 14:38, 26.09.2019
Елордада зілтемір көтеруден Гиннес рекорды орнатылады

Жексенбі күні, 29 қыркүйекте, елордада алғаш рет IMBPA әскери жатып көтеруден және IPAF белтемірді бицепспен көтеруден Ақмола облысының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Елорда Инфо мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жарысқа қатысатын 60-тан аса спортшы Нұр-Сұлтан қаласына келеді, олардың қатарында, ерлер, әйелдер және жасөспірімдер бар. Турнирде армлифтингтің үздіктері бас қосады. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, әлем, Қазақстан мен Азияның чемпиондары өз шеберліктерін паш етеді. Жарыс жеңімпаздары медальдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, қатысушыларға спорт шеберіне кандидаттарға дейінгі ресми атақтар беріледі.

Турнир аясында WAA қазақстандық Армлифтинг, IMBPA әскери жатып сығымдап көтеру және IPAF белтемірді бицепспен көтеру қауымдастығының президенті Джабар Богжанов Гиннестің рекордын орнатуға тырысады.

Жарысты өткізу орны: Hammer Legend фитнес клубы (Түркістан көшесі, 10).

Басталуы: сағат 10:00.

Хабар 24 телеарнасы