389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемнің қанша елінде Головкиннің жекпе-жегін көрсетеді

  • 377
Әлемнің қанша елінде Головкиннің жекпе-жегін көрсетеді zakon.kz

Ұлыбританияның ең ірі Sky Sports телеарнасы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жекті тікелей эфирде көрсететінін жария етті, деп хабарлайды Prosports.kz, ағылшындық телеарнаның ресми сайтына сілтеме жасап.

Сондай ақ, АҚШ, Германия, Австрия, Испания, Италия, Канада, Швейцария, Бразилия және Жапония сияқты бірқатар елдерде бокс кешін DAZN ағынды платформасы көрсетеді.

Қазақстандық боксшы DAZN-мен алты жекпе-жекке күші бар келісім-шартқа отырған еді.

DAZN-мен келісім-шарт бойынша бірінші жекпе-жекте Головкин төртінші раундта канадалық боксшы Стив Роллсты нокаутқа жіберді.

Еске сала кетейік, Деревянченкомен жекпе-жек 5 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша қос белбеу сарапқа салынады.

Қазақстандық жанкүйерлер қос боксшы қатысатын бокс кешін жергілікті екі телеарнадан тамашалай алады. 

Хабар 24 телеарнасы