389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теннис: Рыбакина Ухань турнирінде жартылай финалға шыға алмады

  • 169
  • UPD: 11:24, 27.09.2019
Теннис: Рыбакина Ухань турнирінде жартылай финалға шыға алмады prosports.kz

Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан жарыстың жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстандық теннисші ширек финалда осы турнирдің былтырғы жеңімпазы Арина Соболенкодан жеңіліп қалды. Есеп: 3:6, 6:1, 1:6. Матч бір сағат 43 минутқа созылды. Енді беларусь қызы финалдық жолдаманы әлемнің бірінші ракеткасы Эшли Бартимен сарапқа салады.

 

Әділ Марлен дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстандық балуан Алматыда өтіп жатқан татами бәсекесінде көзге түсті. Әділ 60 келі салмақта үшінші орынды жерлесі әрі досы Нұрсұлтан Зайғалиевпен сарапқа салды. Бұл белдесуде Марленнің бағы жанды. Өйткені Зайғалиев ұпай санымен алда тұрған. Алайда Нұрсұлтан үш мәрте ескерту алып, жеңіс Әділдің еншісінде кетті. Қазақстандық дзюдошы жартылай финалда Әзірбайжандық Камран Сүлеймановтан жеңіліп қалғанын айта кетейік. Алматыдағы әлем чемпионатына 64 елдің 500-ден аса балуаны қатысып жатыр. Жарыстың алғашқы күні жерлестеріміз бір алтын бір қола медаль ұтып алған болатын.

Әділ Марлен, дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері:

Алтын алуға болатын еді. Қолда тұрған алтынды жіберіп алдық. Өзімізден көреміз енді.  Дайындаламыз әлі де. Келесі әлем чемпионатына қатысуға тырысамыз бұйырса.

 

Су спортынан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы төрт медаль ұтып алды

Су спортынан Үндістанда өтіп жатқан Азия чемпионатының екінші жарыс күні Қазақстан құрамасының спортшылары төрт медаль ұтып алды. Жасөспірімдер арасында 50 метрге брасс әдісімен жүзуде София Әбубәкірова екінші орынға ие болды. Дәл осы қашықтықтағы еркін бағдарламада Михаил Царев те көзге түсіп, күміс медальды мойнына тақты. Арсен Қожахметов брасс әдісімен жүзуде қола жүлдені еншіледі. Қазақстан құрамасының спортшылары эстафеталық жарыста да екінші орыннан көрінді.

 

«Барселона» испан футбол федерациясына 300 еуро айыппұл төлейді

Испания футбол федерациясы «Барселонаға» 300 еуро айыппұл салды. Каталония клубы Антуан Гризманды сатып алу кезінде ереже бұзғаны белгілі болды. Француз шабуылшысы Мадридтің «Атлетикосынан» «Барселонаға» 12 шілдеде ресми ауысты. Трансфер құны 120 млн еуроны құрады. Кейін «Атлетико» бұл қаржының жеткіліксіз екенін айтып, 200 млн еуро өтемақы талап еткен болатын. Мадрид командасының басшылары «Барселона» Гризманмен наурыз айында келісімшарт жасасқанын, сондықтан бұл кезде футболшы «Атлетико» сапында болғанын алға тартып, қомақты қаржы өндіріп алуды көздеген еді. Бірақ Федерация Мадрид командасының арызын қанағаттандырмады.

Хабар 24 телеарнасы