388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

  • 248
  • UPD: 21:50, 28.09.2019
Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды olympic.kz

Мадина Парагульгова Алматыда дзюдодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, М.Парагульгова 70 келіден астам салмақта татамиге шықты.

Мадина алғашқы қарсыласы кипрлік Занет Мишайлдоуды қиналмай ұтып, ширек финалға өтті. Сосын қырғызстандық Шәһида Нармұхамедованы жеңді.

Жартылай финалда франциялық Лиз Нгельбиядан вазаримен алты секунд қалғанға дейін ұтылып жатып, иппонмен жеңісті жұлып алып, қарсыласын қапы қалдырды.

Финалда бразилиялық дзюдошы, Панамериканың екі дүркін чемпионы Анна Судтосқа есе жіберген М.Парагульгованың күміс медалі – үлкен табыс.

Осылайша, Қазақстан құрамасы жекелей сайыстарды 1 алтын, 1 күміс, 4 қоламен тәмамдады.

Ертең – әлем чемпионатының соңғы күні. Құрамалар аралас командалық жарыста сынға түседі.

Хабар 24 телеарнасы