389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудағы Qazaqstan Jastar Fest жобасы аясында әлемдік спорт жұлдыздары келді

  • 234
  • UPD: 23:14, 28.09.2019

Енді спорт жұлдыздарына кезек берейік. Атырауда қазір биылғы жастар жылына орай Qazaqstan Jastar Fest спорттық шаралары өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Спорттық дода қонақтары әлемдік деңгейдегі спорт шеберлері – Хабиб және Абдұлманап Нұрмагомедовтер, Ислам Махачев, Зүбайра Тухугов және олимпиада чемпиондары Роман Власов пен Тагир Хайбуллаевтар.

Ал осы дүбірлі додаға отандық Максим Раков, Сергей Морозов пен Дәмір Исмағулов және Шавхат Рахмоновтар шақырылған.

Мұнайлы астанадағы турнир өте тартысты өтті. Спорттың ережесіз жекпе-жек, яғни муай-тай түрінен өткен сайысқа қолдаушылар да көп болды. Соның ішінде отандық «Жауынгер» командасы топ жарды.

Сағындық Мекеев, ҚР Панкратион федерациясының президенті:

Бұл спорт түрі бойынша Атырау спортшыларының деңгейі өте жоғары. ТМД және алыс шетел спортшыларымен өзара қарым-қатынасты бұдан кейін де жалғастыра түсіретін боламыз. Біздің жастар осы даңқты спортшылардан үлгі алып, жеңіс сатысынан көрінеді деген сенімдеміз.

Халықаралық турнирге 8 елдің спортшылары қатысты.Олардың барлығы ережесіз жекпе-жек өнерлерінің шеберлері.

Ринат Ибрагимов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Бұл спорттық шараның ең басты мақсаты – жасөспірімдерге ой салу. Жастар жаман әдеттерден жиреніп, жақсы нәрсеге ұмтылса дейміз. Осындай әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды елге тарту арқылы жастарды тәрбиелесек деген үміттеміз.

Турнир қорытындысы бойынша 5 атыраулық спортшы жеңімпаз атанды, соның ішінде ерекше өнер көрсеткен Әбіл Ғалиев тайвандық спорт шеберінен айқын басым түскендігін атап айтуға болады. Осындай нәтижелердің арқасында қазақстандық спортшылар «Жауынгер» чемпиондық белдеуін иемденді.

Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазы

Хабар 24 телеарнасы