389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Стенд атудан Азия чемпионатында еліміз күміс медаль иеленді

  • 176
  • UPD: 08:28, 29.09.2019
Стенд атудан Азия чемпионатында еліміз күміс медаль иеленді

Алматыдағы Александр Асанов атындағы атқыштар клубында стенд атудан Азия чемпионаты аяқталуға жақын. Қазақстан командасының қоржыны тағы бір жүлдемен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасындағы «траншеялық стенд» бағдарламасында қазақстандық Виктор Хассянов күміс жүлдегер атанды. Бұл сында алтын медальді кувейттік Насер Меклад иеленсе, қола жүлдеге омандық Әл Насри Салеем қол жеткізді. «Траншеялық стенд» бойынша жалпыкомандалық есепте Қазақстан бірінші орынды иеленді. Екінші орында Кувейт, үшінші сатыда Қытай командасы орналасқан.

Хабар 24 телеарнасы