389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің ватерполшылары Ресейдегі екі ойында жеңіске жетті

  • 163
  • UPD: 14:37, 29.09.2019
Еліміздің ватерполшылары Ресейдегі екі ойында жеңіске жетті

Мәскеуде су добынан ерлер арасындағы Ресей чемпионатының екінші айналымы аяқталды. Қазақстандық ватерполшылар қатарынан екі матчта жеңіске жетті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстандықтар «ЦОП Москомспорт» командасынан екі рет басым түсті. Алғашқы ойында 15-6 есебімен ұтса, екінші кездесуде 9-8 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетелік, екінші айналымның бірінші кездесуінде Қазақстан «Динамодан» 8:11 есебімен ұтылған болатын. Келесі матчта есе қайтарудың сәті түсіп, 10:9 есебімен жеңісті тартып алды.

Хабар 24 телеарнасы