389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Регби-7: Қазақстан командасы Азия сериясының жартылай финалына өтті

  • 181
  • UPD: 14:56, 29.09.2019
Регби-7: Қазақстан командасы Азия сериясының жартылай финалына өтті

Шри-Ланкада регби-7 спортынан Азия сериясының үшінші айналымы өтуде. Қазақстан командасы тағы екі матчта жеңіске жетті деп жазады Olympic.kz. 

Екінші матчта Қытай командасымен кездескен қазақстандықтар 19:17 есебімен жеңіске жетті. Үшінші ойында біздің команда Сингапурді 48:0 есебімен ұтқан болатын. Жартылай финалда Қазақстан командасы Таиландпен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы