389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таеквондо: Қазақстандық екі спортшы Ресейдегі рейтингілік турнирде үздіктер қатарына енді

  • 401
  • UPD: 22:57, 29.09.2019
Таеквондо: Қазақстандық екі спортшы Ресейдегі рейтингілік турнирде үздіктер қатарына енді Olympic.kz

Ресей астанасы Мәскеуде таеквондодан рейтингілік Russian open G1 турнирі мәресіне жетті.

Екінші жарыс күнінде қазақстандықтар екі медаль иеленді деп хабарлайды Olympic.kz. 

87 келіден жоғары салмақта екі спортшымыз сынға түскен болатын. Руслан Жапаров финалда сүрініп, күміс жүлдегер атанса, Смайыл Дүйсебай осы салмақта қола жүлдеге қол жеткізді. Кеше үш қазақстандық спортшы жүлдегер атанған болатын.

Хабар 24 телеарнасы