389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин алдағы жекпе-жегіне дайындықты аяқтады

  • 201
  • UPD: 09:40, 30.09.2019
Головкин алдағы жекпе-жегіне дайындықты аяқтады fergana.agency

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасуға тас түйін дайын.

Бұл туралы спортшы өзінің twitter-дегі парақшасында жазды.

«Жұмыс аяқталды. Жекпе-жек аптасына дайынмын»,– делінген жазбада.

Айта кетейік, Головкин — Деревянченко кездесуі 5 қазан күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Былғары қолғап шеберлері орта салмақтағы IBF және IBO әлем чемпионы белдігін сарапқа салады.

Хабар 24 телеарнасы