389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Синхронды жүзуден Қазақстан құрамасы Азия біріншілігінде күміс жүлдегер атанды

  • 218
  • UPD: 23:23, 30.09.2019
Синхронды жүзуден Қазақстан құрамасы Азия біріншілігінде күміс жүлдегер атанды

Үндістанда су спорты түрлерінен өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде синхронды жүзуден Қазақстан командасы тағы бір медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Акробатикалық «хайлайт» бағдарламасында қазақстандықтар 81,8667 ұпаймен екінші орын иеленді.

Айта кетелік, бұған дейін синхронды жүзуден Қазақстан командасы екі медаль еншілеген болатын. Спортшылар аралас командалық сында күміс иеленсе, «техникалық соло» бойынша Дженнифер Русанова қола жүлдегер атанды.

Хабар 24 телеарнасы