389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкиннің экс-қарсыласы қамауға алынды

  • 202
Головкиннің экс-қарсыласы қамауға алынды

Головкиннің экс-қарсыласы, америкалық боксшы Ванес Мартиросян тұрмыстық зомбылық көрсетті деген айыппен қамауға алынды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

TMZ Sports порталының мәліметінше, 15 қыркүйекте Мартиросян мен әйелінің арасында ұрыс басталып, соңы қол жұмсаумен аяқталған. 79 кг болатын Ванес баспен әйелінің бетін, мұрнын қан-жоса қылған екен.

Полицейлер Мартиросянды дереу арада ұстап, қамауға алды. 

Боксшы соңғы жекпе-жегін Геннадий Головкинге қарсы өткізіп, екінші раундта нокаутпен жеңілген болатын.

Хабар 24 телеарнасы