389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Алматы-Түркістан» веломарафоны Түркістанға келіп жетті

  • 169
  • UPD: 17:43, 01.10.2019
«Алматы-Түркістан» веломарафоны Түркістанға келіп жетті

Алматы қаласынан басталған «Алматы-Түркістан» веломарафоны қасиетті Түркістан шаһарына келіп жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Марафоншыларды арбат алаңында облыстық спорт басқамасының басшылары, қала әкімдігінің қызметкерлері және стдуент жастар күтіп алды. Көзі нашар көретін зағип жандарды қолдауға бағытталған шара «Nur Otan» партиясы мен Түркістан обылысы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» жобасы аясында төртінші рет ұйымдастырылды.

«Шекарасыз спорт» жобасының қатысушылары 22 қыркүйекте Алматы қаласынан шығып, 10 күнде Түркістанға табан тіреді. Олар екі аралықтағы 1000 шақырым қашықтықты Ұлы Жібек жолының бойымен жүріп өтті. Жол-жөнекей киелі жерлерді аралап, халықпен кездесті.

Айта кетейік, марафонға қатыушылардың арасында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, жүзуден ел тарихындағы тұңғыш паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина, қоғам қайраткері Бақтияр Базарбеков тағы да басқа елге танымал тұлғалар бар.

Кенжеғұл Социалұлы, марафонға қатысушы:

- Қазақстандықтарға айтарымыз, біздің де мүмкіндігіміз шексіз. Біз де елімізге, халқымызға, жұртымызға өз деңгейімізде үлес қоса аламыз. Тағы да бір мақсатымыз – туризмді дамыту, ішкі туризм дамыса, елдің экономикасы өседі.

Хабар 24 телеарнасы