389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бекзат Нұрдәулетов төрт дүркін әлем чемпионын жеңу үшін 3 жыл дайындалған

  • 387
  • UPD: 13:09, 02.10.2019

Маңғыстаулық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Олимпиада және әлемнің төрт дүркін чемпионы Ла Крузды жеңу үшін 2 жыл үздіксіз дайындалған. 21 жастағы спортшының соққысы қарсыласына дөп тиіп, жуырда өткен әлем чемпионатында үздік атанды. Тәуекелшіл Бекзат әлі талай топты жарып, қазақ елінің абыройын асқақтатады- дейді бапкерлері. Қазір боксшы алда өтетін жарыстарға жаттығуды бастады.

Бекзат Нұрдәулетовтың негізгі жаттығуы Ақтаудағы бокс орталығында өтеді. Ол мұнда күніне 6 сағат тер төгеді. Батыр Бекзат жеңістің тек еңбекпен келетінін біледі. Өз салмағында ешкімге дес бермеген Ла Крузды сұлату үшін 2016 жылдан бері дайындалыпты. Куба спортшысының әрбір жекпе-жегін қарап, әр қимылын зерттеген. 

Бекзат Нұрдәулетов, бокстан әлем чемпионы:

- Ла Круз 81 келіде нөмірі 1-ші боксшы болғандықтан соны қалай бокстасам, соның бәрін ойлап армандағанбыз. Аллаға шүкір, сол арманым іске асты. Нөмірі 1-ші боксшы болғың келсе, нөмірі 1-ші боксшыны құлатуың керек қой әрине. 

Бекзат соңғы 2 жылдан бері таланттарды тани білетін білікті бапкер Марат Жәкиевте жаттығып жүр. Ол шәкіртінен зор үміт күтетінін жасырмады. «Бекзаттың бойында спортшыға қажетті қасиеттердің барлығы бар» дейді Марат Жәкиев. 

Марат Жәкиев, ҚР Бокстан ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы:

- Бекзатта тәуекелі басымдау. Сосын бұл үнемі бір жақсы жері боксшының, қарсыласының үстінен түспей, үнемі соны тек мәіне, әне ұрады ға ұстап тұрады, қарсыласының үстінен түспецйді, Бекзатпен шыққан адамның шаршауы да тезірек болады. Қиналтады. Бұл боксшыға керек нәтиже ғой. 

Бекзат Нұрдәулетов – Жаңаөзен бокс мектебінің түлегі. Әкесі үйдің үлкенін бауырларына қамқор болсын деген ниетпен осыдан 10 жыл бұрын ертіп барған. Оқуда озат болған Бекзат спортта да үнемі үздіктер қатарынан көрінді. Соңғы жылдары өткен жастар арасындағы ел чемпионатында бірнеше мәрте топ жарған.

Бекзат Нұрдәулетов, бокстан әлем чемпионы:

- Кумир деген адамым жоқ. Атақшы боксшылар Мұхамед Али, Майк Тайсон, Бекзат Саттархановтар, өзіміздің Әділбек, Ердос деген ағаларымыз бар. Әр спортшыдан жақсы жерлерін алатынмын. Мынаның қорғануы ұнайды, мынаның қимылы ұнайды дегендей. Өзіме жақсы жерлерін аламын. 

Білек күшімен қатар білімін жетілдіруді мақсат тұтқан Бекзат Нұрдәулетов биыл Жоғары оқу орнына түсті. Қазір ол Ақтауда екінші мамандық игеруде. Алайда, әзірге өмірін спортпен ғана байланыстыратынын айтады. Менің бокстағы жұлдызды жылдарым енді басталды, дейді чемпион. 

Авторлары: Гүлмира Әбішева, Ренат Досалиев

Хабар 24 телеарнасы