389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда үстел теннисінен «Оңтүстік Астана-2019» турнирі басталды

  • 154
  • UPD: 12:40, 02.10.2019
Алматыда үстел теннисінен «Оңтүстік Астана-2019» турнирі басталды

Алматыда үстел теннисінен «Оңтүстік Астана-2019» халықаралық турнирі басталды. Осымен 21-мәрте өткізіліп отырған дәстүрлі жарысқа Әзірбайжан, Ресей, Қырғызстан мен Өзбекстан және еліміздің түкпір-түкпірінен 100 ден аса үміткер қатысуда.

Дәл қазір кімнің топ жаратынын дөп басып айтуы қиын. Дегенмен, Қазақстан мен Ресейлік теннисшілердің қарқыны жаман емес екен. Өткен жылы осындай турнирде топ жарған Ресейлік Илья Жидков биыл да келді. Сондай-ақ, жастар арасында Ресей чемпионы Руслан Алшынбаевтың да аянып қалмасы анық. Ал жергілікті жанкүйерлер Тимур Келбұғанов пен Денис Жолудев және Қазақстанның 4 дүркін чемпионы Бекұлан Жамал топ жарады деген үмітте. Қыздар арасында жерлестеріміз Зәуреш Акашева мен Анастасия Лавровалар осы жарыстың басты фавориттері саналады. Жарыс "Алматы Арена" спорт кешенінде өтеді. Әзірше іріктеу кезеңі болып жатыр. Жеңімпаздар 3-ші қазан күні белгілі болады.

Бекұлан Жамал, үстел теннисінен Қазақстан чемпионы:

- Жарыс жақсы өтуде. Осыдан екі жыл бұрын 2017-де осы Оңтүстік Астана жарысында чемпион болғам. 2018-де жүлдегер болдым үшінші орын алдым. Осы 2019 жылы Оңтүстік Астанаға жақсы дайындықта келдім. Осы жолы чемпион болам деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы