389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында белдесу күресінен турнир өтті

  • 153
Жамбыл облысында белдесу күресінен турнир өтті

Жамбыл облысында ұлттық спорт түрі – белдесу күресі жанданып келеді.

Таразда өткен турнирге өңірден 200-ге жуық өрен жиналды. Балуандар 8 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсті. Білегі мықты жасөспірімдер бір-бірінің белінен қапсыра құшақтап, түрлі айла-тәсіл арқылы боз кілемге атып ұруға талпынды. Аймақта қара күш пен ептілікті қажет ететін белдесу күресімен шұғылданатын арнайы зал да ашылған. Спорт мамандарының айтуынша, турнирде топ жарған апайтөс ұлдар Қостанайда өтетін республикалық сайыста Жамбыл облысының намысын қорғайды.

Хабар 24 телеарнасы