389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин алдағы айқасы туралы мәлімдеме жасады

  • 185
Головкин алдағы айқасы туралы мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен болатын алдағы титулдық айқасы мен мұның алдындағы жекпе-жектерінің арасында үлкен айырмашылық жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Қазақпарат Sports.kz.сілтеме жасап.

«Менің барлық айқастарым – өткен жекпе-жектер, осы айқас – бір деңгейде. Қарсыласты бағаламауға болмайды. Барлық айқасқа соңғы жекпе-жек ретінде қарау керек. Бұл сенің мінез-құлқыңнан хабар береді. Мен ешқашан қарсыласымды бағаламаған емеспін», – деді Головкин.

Геннадий Головкиннің Сергей Деревянченкомен айқасы 6 қазан күні таңертең Нью-Йоркте (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтеді. Боксшылар IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуіне таласады.

Хабар 24 телеарнасы