389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропа лигасы: бүгін «Астана» - «Партизан» кездесуі

  • 206
  • UPD: 11:23, 03.10.2019
Еуропа лигасы: бүгін «Астана» - «Партизан» кездесуі footboom.kz

Қазақстанның 19 жасқа дейінгі қыздар құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Испаниямен кездесіп, 0:14 есебімен ойсырай ұтылды.

Біздің бұрымды футболшылар енді 5 қазанда Исландиямен ойнады. Сосын Грекия құрамасымен кездеседі. Іріктеу матчтары Исландияда өтіп жатыр.

Бүгін «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңдегі екінші кездесуін өткізеді. Елорда футболшылары «Астана Аренада» Сербияның «Партизанымен» алаңға шығады. Матч кешкі 21:00-де басталады. Роман Григорчук шәкірттері алғашқы турда «Манчестер Юнайтедке» қонаққа барып, 0:1 есебімен ұтылғаны белгілі. Ал «Партизан» өз алаңында «АЗ Алкмармен» ұпай бөліскенді. Бүгін «Астана» сапында қорғаушы Юрий Логвиненко алаңға шыға алмайды. Бұл туралы бас бапкер Роман Григорчук айтты. Украиналық маман өзге ойыншылардың тас-түйін дайын екенін айтады. Ел чемпиондары биылғы Еурокубокта өз алаңындағы төрт кездесудің бәрінде басым түсті. Бүгін «Астана» сол жеңісті жолды жалғастыруға тырысады. Бұл топтағы екінші матчта «АЗ Алкмар» «Манчестер Юнайтедті» қабылдайды.

Роман Григорчук, «Астана» ФК бас бапкері:

-Біз қарсыласпен жақсылап таныстық. Олардың мықты тұстарын білеміз. Енді соған тосқауыл қою керек. Жақсы ойын үлгісін көрсетеміз деген сенімдемін. Оған шамамыз жетеді. «Партизанның» шабуыл шебінде мықты футболшылар ойнайды. Олар жылдам қимылдайды. Сондықтан оларға қарсы тұру үшін біз шабуылға шығуымыз керек.

 

Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» - «Зальцбург» 4:3

УЕФА чемпиондар лигасының топтық кезеңдегі екінші тур ойындары аяқталды. Осы турнирдің қазіргі жеңімпазы «Ливерпуль» Австрияның «Зальцбюургын» қабылдап, 4:3 есебімен жеңіске жетті. Ағылшын командасы сапынан Садио Мане, Эндрю Робертсон және Мұхамед Салах мергендік танытты. Мысыр футболшысы екі доптың авторы атанды. Бұл топтағы «Генк» пен «Наполи» арасында есеп ашылған жоқ. Екінші турда «Боруссия» «Славияға» қонаққа барып, 2:0 есебімен басым түссе, «Барселона» «Интердің» осал тұсын тапты. Есеп: 2:1. «Зенит» «Бенфикадан» 3:1 есебімен айласы асырды. «Лион» «Лейпциг» қақпасына жауапсыз екі доп соқты. «Аякс» «Валенсиядан» басым түсті. Есеп:3:0. «Челси» 2:1 нәтижесімен «Лилльді» жеңді.

 

Бейжіңде теннистен Қытай ашық біріншілігі өтіп жатыр

Ұтыс қоры 3 млн 666 мың долларды құрайтын жарыстың екінші кезеңі аяқталды. Турнирдің бірінші нөмірлі ойыншысы Доминик Тим корт иесі Чжичен Чжаннан басым түсті. Есеп: 6:3, 6:3. Австриялық теннисші енді Энди Марреймен ойнайды. Британиялық ойыншы екінші кезеңде отандасы Кэмерон Норриді жеңді. Қазақстандық Михаил Кукушкинен айласын асырған Фабио Фоньинин де жарысты жалғастырады. Италиялық теннисші ресейлік Андрей Рублевтің осал тұсын тапты. Қытай ашық біріншілігінің жеңімпазы жексенбі күні анықталады.

Хабар 24 телеарнасы