389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қанат Ислам Головкин – Деревянченко айқасы туралы ойын айтты

  • 460
Қанат Ислам Головкин – Деревянченко айқасы туралы ойын айтты

Қазақстандық кәсіби боксшы Қанат Ислам Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасында IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін өтетін жекпе-жектен не күтетінін айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»

«Мен Сергей Деревянченкомен рингте екі рет кездескенмін. Біріншісінде жеңіске жеттім, одан кейін Алматыда төрешілердің шешімімен жеңілдім, алайда ол менікі еді. Сергей өте мықты және жақсы боксшы, дегенмен Головкиннің деңгейі жоғарырақ. Сергей қарсы тұруға тырысады, алайда оңайға соқпаса да, GGG оны алдай алады. Головкин жеңімпаз атанады деп ойлаймын. Оған жекпе-жекте тек сәттілік жеңіс, Қазақстанның туын тағы да бір мәрте көтеруін тілеймін», – деді спортшы.

Ал Қанат Ислам (26-0, 21 КО) кезекті жекпе-жегін 26 қазан күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткізеді. Оның қарсыласы намибиялық Уолтер Каутондоква (18-1, 17 КО) болмақ.

Хабар 24 телеарнасы