389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Астана» өз алаңында «Партизаннан» жеңіліп қалды

  • 235
  • UPD: 23:55, 03.10.2019
«Астана» өз алаңында «Партизаннан» жеңіліп қалды

«Астана Аренада» елордалық «Астана» командасы Сербияның «Партизан» командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1-турда «Манчестер Юнайтедтен» ұтылған астаналықтар жеңіске жету үшін барын салатыны басынан белгілі еді. Алайда ойындағы алғашқы голды қонақтардың шабуылшысы Омар Садық 28-минутта соқты. «Астана» футболшылары гол соғу үшін қанша талпынғанмен, партизандардың қарымта шабуылдары қауіпті болды. 73-минутта сондай шабуылдардың тағы бірі голмен аяқталды. Бұл жолы да Омар Садық гол авторы болды. Ол үшінші рет те гол соғып еді, бірақ офсайдта тұрғандықтаньтөрешілер голды есепке алмады. «Астана» жағдайды реттеу үшін барынша шабуылдады. Стадионға келген жанкүйерлер сүйікті командасының голын 85-минутқа дейін күтті. Қаптаған шабуылдардың бірінде Р.Сигурьонссон гол соғып, есепті қысқартты.

Ойын 1:2 есебімен аяқталды. Екі ойында да жеңіліске ұшыраған «Астана» L тобында 4-орында қалды. «Партизан» 4 ұпаймен кесте басына шығып алды. Енді «МЮ» сырт алаңда Голландияның «АЗ» командасымен ойнайды.

Хабар 24 телеарнасы