389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық баскетболшылар Қытайда әлем кубогында бақ сынап жатыр

  • 200
Қазақстандық баскетболшылар Қытайда әлем кубогында бақ сынап жатыр

Ланчжоу қаласында (Қытай) 3х3 U-23 баскетболдан Әлем кубогы өтіп жатыр.

Оғанн Қазақстанның ерлер құрамасы қатысуда.

Топтық кезеңнің алғашқы матчында біздің баскетболшылар Латвия командасымен кездесті. Кездесу 21:15 есебімен Латвия спортшыларының еншісіне шешілді. 3x3 U-23 баскетболдан Әлем кубогының топтық кезеңінің екінші матчында Қазақстанның ерлер құрамасы турнир қожайындары Қытай құрамасымен ойнады. Нәтижесінде 21: 9 есебімен қарсыластарына жол берді.

Енді қазақстандық баскетболшылар 5 қазан күні өтетін АҚШ пен Румынияға қарсы ойнайды.

Хабар 24 телеарнасы