389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Джонатан Бэнкс: Головкин 75 жасқа дейін жұдырықтаса алады

  • 210
Джонатан Бэнкс: Головкин 75 жасқа дейін жұдырықтаса алады prosports.kz

Геннадий Головкиннің жаңа жаттықтырушысы Джонатан Бэнкс өз шәкіртінің кәсіпқой рингте ұзақ уақыт өнер көрсете алатынына сенімді, деп жазады Prosports.kz.

Головкин биыл 37 жасқа толды. Осыған орай көптеген жанкүйерлер оның шеберлігі кеми бастады деп санайды. Алайда бапкері бұл пікірмен мүлде келіспейді. Оның ойынша, GGG әлі ұзақ уақыт жоғары деңгейде өнер көрсете алады. 

«Егер 1995 немесе 1998 жыл болса, онда Головкиннің жасы маңызды болар еді. Бірақ заманауи медициналық мүмкіндіктер мен жаңа технологиялар бәрін өзгертті. Жаңа мүмкіндіктер сыйлады. Сондықтан, егер Головкин өзі қаласа 75 жасқа дейін жұдырықтаса алады деп ойлаймын. Ол дұрыс өмір салтын ұстанады. Оның 37 жасы қарапайым адамдардың 37 жасымен бірдей емес», – деді Бэнкс. 

Хабар 24 телеарнасы