389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Элизабет Тұрсынбаева Shanghai Trophy турнирінде күміс медаль ұтып алды

  • 167
  • UPD: 23:56, 04.10.2019
Элизабет Тұрсынбаева Shanghai Trophy турнирінде күміс медаль ұтып алды prosports.kz

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Shanghai Trophy турнирінде күміс медаль алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тұрсынбаеваның қорытынды ұпайы 186.09 болды. Оның алдын 191,78 ұпай жинаған ресейлік спортшы Евгения Медведева орап кетті. Ал үздік үштікті кореялық Енсу Лим (184.64) түйіндеді.

Отандасымыз қысқа бағдарламада екінші орын алса, еркін бағдарламада үшінші орын алды.

Айта кетейік, бұл Тұрсынбаеваның жарақаттан кейінгі қатысқан алғашқы турнирі.

Хабар 24 телеарнасы