389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Абаев қазақ күресі федерациясының президенті қызметіне тағайындалды

  • 196
  • UPD: 14:49, 05.10.2019
Д.Абаев қазақ күресі федерациясының президенті қызметіне тағайындалды

ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазақ күресі ұлттық федерациясының президенті болып тағайындалды.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде белгілі болды.

«Бүгін менің қазақ күресі федерациясына басшы болып келгеніме 6 жыл толып отыр. Біздің кезекті есеп беру конференциямызда Дәурен Әскербекұлы Абаев қазақ күресі ұлттық федерациясының президенті болып тағайындалды. Дәурен Абаев ақпарат және қоғамдық даму министрі бола отырып, ал оған дейін Елбасы баспасөз қызметінде жұмыс істей жүріп біздің жобаларымызды іске асыруға көп көмегі тиген», - деді федерацияның бұрынғы басшысы Арман Шораев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Ол жаңа басшының қол астында қазақ күресі ұлттық федерациясы өркендей беретініне сенім білдірді.

Хабар 24 телеарнасы