389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин: «Канело» үшінші жекпе-жектен бас тартты

  • 175
Головкин: «Канело» үшінші жекпе-жектен бас тартты

Геннадий Головкин Madison Square Garden аренасында Сергей Деревянченкомен өтетін жекпе-жегі алдында FAIR Game бағдарламасының қонағы болды, деп жазады Prosports.kz.

Айта кетерлігі, Головкин Нью-Йорктегі әйгілі аренада осымен жетінші рет өнер көрсеткелі отыр. Кезекті жекпе-жекте ота салмақ санатында IBF және IBO титулдары сарапқа салынады.

«Маған MSG өте ұнайды. Бай тарихы бар бұл арена бокстың Меккесі саналды. Бұнда бәрі басқаша, атмосферасы ерекше», - деп бастады Головкин.

- «Канеломен» үшінші жекпе-жек бола ма?

- Ол бұдан бас тартып отыр. Егер біз жекпе-жек өткізуге келісімге келе алсақ, қанеки! 

- Ол сізбен кездеспес үшін өзге салмаққа ауысты ма?

- Мен бұл туралы ойлағам. Бәлкім ол басқа салмақта өзін ыңғайлы сезінетін шығар. Қыркүйек айында онымен күрескім келген. Әрі жанкүйерлер де бұл кездесуді көргісі келді, бірақ ол «жоқ», деді.

Хабар 24 телеарнасы