389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев: Гена кәсіпқой бокстың хас шебері екенін дәлелдеді

  • 169
  • UPD: 14:04, 06.10.2019

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атануымен құттықтады.

Бұл туралы Президент өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

«Геннадий Головкинді IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулдары үшін болған тартысты бокс алаңындағы тамаша жеңісімен құттықтаймын. Гена өзінің кәсіпқой бокстың хас шебері екенін, жеңіске деген табанды ұмтылысын тағы да дәлелдеді. Қазақстан сені мақтан тұтады. Алға, Гена!» деп жазды Мемлекет басшысы.

Айта кеткен жөн, бүгін Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен жекпе-жек өткізіп, ұпай санымен басым түскен болатын.

Хабар 24 телеарнасы