389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Азия кубогы: қазақстандық дзюдошылар 5 медаль жеңіп алды

  • 153
  • UPD: 12:24, 06.10.2019
Азия кубогы: қазақстандық дзюдошылар 5 медаль жеңіп алды olympic.kz

Қырғызстанда дзюдодан жастар арасындағы Азия кубогы басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыстың бірінші күнінде ұлдар 60, 66, 73 келіге дейінгі, қыздар 48, 52, 57 келіге дейінгі салмақта өзара мықтыны анықтады.

Қазақстан сапынан сынға түскен дзюдошылар 3 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдеге ие болды. Ислам Тоқтасын (66 келі) мен Зарина Сарипова (57 келі) ел қоржынына қос алтынды салды. 73 келіге дейінгі салмақта қазақстандық қос балуан Жанасыл Ануаров пен Азамат Күміспаев финалға шықты. Кездесу Жанасылдың еншісіне шешіліп, жеңімпаз атанса, Азамат күміспен күптелді. Ал осы салмақта Айбар Мұқышев қоланы қанағат тұтты.

Хабар 24 телеарнасы